Жексенбі күні бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Республика бойынша екпінді жел күтіледі, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстігінде найзағаймен қатты жаңбыр күтіледі. Тек елдің шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел күтіледі, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.