ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бурсада түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталған 1993 жылғы жерлесіміз марқұммен бірге бір үйде тұрған.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол 2018 жылдан бері Түркияда тұрады. Марқұм - онымен бірге бір үйде тұрған көңіл қосқан адамы. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде бойжеткен оған пышақ сілтеген", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетсек, 2023 жылы 3 қыркүйекте Аланияда қазақстандық келіншек қызымен бірге жол апатына ұшырап, қаза тапты. Кейін отағасының да ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.