Ақтаудағы балабақшалардың бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарап жатыр. Мұнда кейбір балалар төсекте емес, еденде ұйықтаған. Сондай-ақ бір төсекке бірнеше адамды жатқызылған, – деп хабарлайды Lada.kz сайты.
Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, бұл мәжбүрлі түрде жасалған.
"Балабақша әкімшілігі түсіндіргендей, бұл шара мәжбүрлі түрде жасалған. Мәселен, биыл 5 қыркүйекте балаларды ұйықтатар алдында тәрбиеші жатын бөлмедегі 3 кереуеттің сынып қалғанын анықтады. Балалардың қауіпсіздігі үшін оларды басқа жерге қоюға мәжбүр болған. Сынған жиһаздар сол күні жаңасына ауыстырылды",– делінген хабарламада.