Көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған 17 жастағы бала есін жиды.
«Баланың жағдайы ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр», – дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаев.
Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген еді.