Тоқаев Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуін тамашалауға барды

Ойынды тамашалауға Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келіп отыр.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі басталды. Аталған ойынды тамашалауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді.

Сондай-ақ ойынды тамашалауға Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келіп отыр.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Тапалов, Быстров, Марочкин, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Бейсебеков, Тағыберген, Оразов, Самородовты қосты.

Ал Солтүстік Ирландия құрамасы сапында Пикок-Фаррелл, Баллард, Эванс, Макнейр, Хам, Макканн, Сэвилл, Чарльз, Макменамин, Кеннеди, Вашингтон жасыл алаңға шықты.