Қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Биыл 31 тамызда Түркияның Бурса қаласында 1993 жылы туған ҚР азаматы түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр», – деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Inform.kz-тің дерегінше, ұсталған қазақстандық әйел 2018 жылдан бері Түркияда тұрады. Ол қайтыс болған Түркия азаматпен бірге тұрған. Тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде әйел оған пышақ сермеген. Бірге тұратын ер адам сол жерде көз жұмған.
Бұған дейін Түркияда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.