Алматыда полицейлер Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің үйінің кіреберісінде тұрған баласының бесік арбасын өртеп жіберген күдіктіні ұстады.
Бақытжан Базарбек Facebook-тағы парақшасында күдіктінің ұсталғаны туралы жазды.
«Шабуылдаушының жеке басы анықталды, ол ұсталды», – деп жазды депутат.
Алайда ол күдікті қалай ұсталғаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет айтпады.
Айта кетейік, заңгер Бақытжан Базарбек бұған дейін Алматыда Қыздар университетінің жерін сатып жіберген адамдар туралы айтқан еді.
Фото: press.kz