Аталған жағдайға қатысты Алматы облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады. Іске қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған.
Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.
"Мақсат - оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру", – дейді басқарма өкілдері.
Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.
"Бала бүгін сабаққа қатысты. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр",- делінген хабарламада.