Көмірсутегі экспортын арттыру маңызды

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырза­ға­лиевті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қыз­метінің нәтижесі жөнінде мәлімет берілді. Биыл­­­ғы 8 айда мұнай және газ конденсатын өн­діру, мұнай тасымалдау және қайта өңдеу көр­сет­кіштері бойынша өсім бар екені атап өтілді.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, «Қаз­Мұнай­Газ» ҰК» АҚ мұнайдың отандық бренді KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) өн­ді­рі­сін бастады. Қазір KEBCO мұнайының экспорт кө­­­лемі тұрақты түрде артып келеді. Бұл ретте KEBCO мұнайының бағасы биылғы тамыз айында Brent мұнай маркасының бағасынан асып түсті.

Сондай-ақ Президентке мұнай өңдеу зауыт­та­ры­­нан жанар-жағармай жөнелту қарқыны, соның ішінде күзгі жиын-терін маусымында ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін қам­­тамасыз ету ісі жөнінде баяндалды. Атап айт­қан­да, «ҚазМұнайГаз» компаниясы егін жинау нау­­қанына 426 мың тонна дизель отынын бөлген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына ком­па­ния­ның танкер флотын кеңейту, соның ішінде Кас­пий теңізі мен басқа да ашық теңіз ак­вато­рия­ларын­да энергетикалық ресурстарды тасымалдауға ар­налған ірі тоннажды танкерлер са­нын көбейту жұ­мыстары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның өңір­лерде жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба­лары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, Прези­дент­ке Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын ауыз­сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су тұшыту зауы­тының құрылысы басталғаны және Астрахан – Маңғышлақ магистралды су құбырын ре­конструк­циялау жұмыстарының барысы жөнінде баян­далды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ин­вес­ти­­­циялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экс­­­­портын арттыру және геологиялық барлау жұ­мыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақ­ты тапсырма берді. Сондай-ақ Президент мұ­н­ай мен газды терең өңдеу саласына баса мән беру маңызды екенін атап өтті.