Ол өз өтінішінде су құбырларын салып беруін өтінген. Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова өтініш иесінің мәселесі бойынша Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлына хат жолдады.
Көп ұзамай-ақ 2 аптадан соң Айнатас ауылы тұрғындарының сұрауымен ауызсу құбыры тартылды. Тұрғындар мәселенің оң шешімін тапқанына дән риза.
Еңбекші ауданының тағы бір тұрғыны кезекті қоғамдық қабылдауға келіп, Достық шағын ауданы көшелерінің ойдым-ойдым екенін айтып, арызданған. Тұрғындар атынан өтініш білдірген Қайрат Ақпанбердінің сұранысы көп ұзамай шешімін тапты. Жергілікті партия филиалының жылдам әрекет етуі нәтижесінде 10 күнде жол салынып, тұрғындар алғысын білдірді.
Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы