Ер адам бөшкедегі битумға батып, қаза тапты

Оқиға Шымкент қаласында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құтқарушыларға кеше битум толы бөшкеге ер адамның түсіп кеткені туралы хабар жеткен. 

Тыныс алатын құрал-жабдықпен бөшкеге түскен құтқарушы ер адамның мәйітін алып шықты. Ер адам ауа жетпей бөшкенің ішінде қаза тапқан. 

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, полиция тергеуді бастады. 

Ер адамның бөшкенің ішіне қалай, не үшін түскені тергеуден соң анықталады. 

Фото: otyrar.kz