Таралған видеода автор қарапайым эксперимент жүргізеді: ол су құйылған ыдысқа пакеттен алып тұз салады. Бірнеше минуттан кейін оның түбінде ерімеген кристалдар қалады, ролик авторының айтуынша, бұл шыны, себебі олар жылтыр және өткір.
Шын мәнінде, қазақстандық «Аралтұз» өндірушісінің тұзымен түсірілген осы және осы сияқты басқа да видеолар Ресейде 2019 жылы кеңінен таралған.
Ол кезде «Аралтұз» компаниясы да тамақ өніміндегі әйнек туралы қауесетті жоққа шығарды.
Онда кадрларда көрсетілген тұнба тұздың піспеген бөлшектері екені айтылған. Олар суда ериді, ол үшін көбірек уақыт қажет. Денсаулық үшін мұндай бөлшектер қауіпті емес және оларға шектеулі мөлшерде заңмен рұқсат етіледі.
Тұзда әйнектің жоқтығын өзіндік тәуелсіз зертханалық талдаулар мен эксперименттер жүргізген ресейлік БАҚ та растады.
Демек, таралған төрт жыл бұрын жоққа шығарылған ескі фейк болып табылады. Оған сенбеген жөн.