Қарағанды облысында адамдар арасына бруцеллез ауруы тарап жатыр.
"Биыл 2022 жылмен салыстырғанда, ауырған мал саны – 337 басқа артық. Инфекция Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар жырау аудандарында тіркелді", – деп мәлімдеді облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Қарағанды облысының 19 тұрғыны бруцеллез жұқтырған. Эпидемиологиялық тексеру барысында адамдар арасында бруцеллезді 61,8% жағдайда сүт пен сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз пайдаланғаннан, тексерілмеген жерден сатып алғаннан жұқтырған. 38,2% жағдайда жануарларын күту кезінде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзып, жануарларды уақытылы зертханалық тексеруден өткізбеген.
«Сыртқы ортадан алынған сынамаларда бруцеллез қоздырғыштары 13,2% сүт өнімдерінен, 25% жемнен анықталды», – деп атап өтті ведомство.
фото: t.me/TheDairyNews