ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер «Омбы-Майқапшағай» тасжолында КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан. Рульде Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны болды.
«Тексеру кезінде көліктен 280-нен астам полиэтилен пакетке салынған тиісті құжаты жоқ балық табылды. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге ауылдан алып келе жатқан. Жалпы салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балығын аулағаннан мемлекетке келген материалдық шығын 50 млн теңгеден асты», – дейді полицейлер.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.