Музыка терапиясы медитацияны алмастырады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысының дәрігерлері психологтың қабылдауында қобыз үнін қолдана бастады. Ұлттық аспаппен ойнаған әуендер жанға жайлылық сыйлап, күйзелістен шығуға көмектеседі дейді мамандар.
Байырғы заманнан қасиетті деп саналған қобыздың үні бүгінде медициналық мақсатта қолданыла бастады.
Қосшы қалалық емханасының мамандары психологиялық көмек аясында «Қобыз терапиясын» іске қосты.
«Қобыз терапиясының пайдасы 18 жастан асқан ересектерге ғана қолданылады. Яғни, психикалық жүйке жүйесі ауыр науқастарға қолдануға болмайды. Бірінші эндокриндік ауруларға, гинекологиялық ауруларға, инфаркт ауруларына және созылмалы ауруларға қолдануға болады», – дейді №1 Қосшы қалалық емханасының психологы Балжан Қанапияева.
Медицицналық мекемеде 10 адам қобыз терапиясынан өткен. Ем алғандардың қазіргі жағдайы жақсы дейді мамандар. Психологтың айтуынша, қобыздың қоңыр үні күйзелісте жүрген талай жанға шипа болды.
«Қобыз терапиясы» музыкалық терапияның бір бөлігі. Біз мұнда қазақ халқының ұлттық болмысына сай әуендерді пайдаланамыз. Психологиялық көмек аясында жүргізілетін бұл әдіс аутагендік жаттығуларға жатады. Бізде «Қобыз терапиясы» биыл сәуір айынан бастап жекелеген жағдайларда қолданылады. Нәтижесі жақсы», – дейді №1 Қосшы қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Бишораева.
Емхана мамандары 60 жастан асқандарға топтық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Фото: видеодан скриншот