Темірлан тасжолы №43/А мекенжайындағы көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар 35 жастағы ер адамның мәйітін кеше сағат 13.00 шамасында тауып алып, полиция шақырған.
31 жастағы күдікті ұсталды. Екі ер адам үйдің кіреберісінде кездесіп, екеуі бір әйелдің пәтеріне қарай бет алған. Екеуі төбелескен. Ауыр соққыдан жәбірленуші қайтыс болған.
Тергеу жүргізіліп жатыр.