"Қазгидромет" РМК 14-16 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Үш күнде республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады.
Бүкіл кезең бойы – шығыста, 14-15 қыркүйекте – солтүстікте, 15-16 қыркүйекте – батыста, 16 қыркүйекте – еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Үш күн бойы республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20, оңтүстік жартысында түнде 7-15, күндіз 18-25 градус жылы болады.
Фото: kotlovka.mos.ru