Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,84 теңгеге қымбаттап, 463,93 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464-467 теңге, еуро 498,5-503 теңге, ресей рублі 4,79-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.
13 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,68%-ға өсіп, барреліне 92,69 доллар болды.