"20 жыл ішінде бұл қызда ештеңе өзгермеді. Әлі күнге өз кәсібін сүйеді. Өз мамандығына ғашық. Түсірілім, монтаж, эфир және тексттер... Табысты болудың құпиясы жоқ. Жай ғана өзің жақсы көретін ісіңмен айналыс және істеген ісіңді жақсы көр", – деп жазба жариялады тележүргізуші.
40 жастан асқан журналистің өзгеріссіз қалпы оқырмандарын қызықтырды. Одан сайын жасарғансыз, табиғи сұлулығыңызды сақтап қалғансыз дейді олар.
Әлеуметтік желіде өте белсенді тележүргізушінің инстаграмда 1 млн 600 мың оқырманы бар.