Атырауда есірткі саудасымен айналысқан әйел қолға түсті

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

2 қыркүйек күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері 22 жастағы әйел адамды қолға түсірді.

Синтетикалық есірткі заттарын сақтаған әйел адамнан 13,66 грамм "Альфа-PVP" және 0,94 грамм " Мефедрон" тәркіленген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Күдіктінің айтуы бойынша ол желідегі жарнама арқылы қаражатына қызығып шілде айында "жұмысқа" орналасқан. 

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Баян Жанұзақова