Zakon.kz-тің мәліметінше, 11 қыркүйекте «Қазақстан Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «2023-2024 жылдары эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» №6 қаулысына қол қойылды. Қаулы негізінде тұмаудың алдын алу үшін екпе салынады.
Қаулыға сәйкес:
- осы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізу;
- медициналық ұйымдарда кіреберісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету,бетперде пайдалану, антисептиктердің болуы;
- ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;
Орта білім беру ұйымдарында:
- бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
- бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстырылады.
Фото: alamy.com