Қазақстанда қылмыс 15,2 пайызға төмендеді

Қазақстанда қылмыс 15,2%-ға азайды. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, былтырмен салыстырғанда (116 101 - 98 454), оның ішінде:  

4,1%-ға (1 693 – 1 624) аса ауыр қылмыстар; 

16,5%- ға (31 128 – 25 990) ауыр қылмыстар; 

17,9%-ға (49 762 – 40 857) ауырлығы орташа қылмыстар; 

9,8%-ға (17 514 – 15 793) онша ауыр емес қылмыстар.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты. 671 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14%-ға қысқарды.