Павлодарда 38 жастағы Самал Мұсатаевадан екі күннен бері ешбір хабар-ошар жоқ, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Vita еріктілерінің айтуынша, ол 1985 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Осыдан екі күн бұрын, 12 қыркүйекте шамамен сағат 19.00-де генерал Дүйсенов көшесіндегі үйінен белгісіз бағытқа кеткен.
Бүгінгі күнге дейін оның қайда жүргені белгісіз. Бойы – 160 см, көздері мен шашы қоңыр, арқасы мен ішінде тыртығы бар.
Қою көк түсті олимпийка, көк джинсы шалбар, капюшоны бар толстовка, ашық түсті кроссовки киіп кеткен.
Оны көрген немесе қайда болуы мүмкін екені жайлы ақпарат болса, 8(747)6155563 (Катерина), 8(777)3348201 (Светлана) немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.