Әсіресе, көптің көкейінде жүрген еліміздегі отбасы, ана мен бала құқығын қорғаудың қазіргі жағдайы қызу талқыға түсті. Осы жиында жұртшылықпен бірлесіп әзірлеген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды.
Ерлан Жақанұлы жас ұрпақтың балалық шағының барынша қауіпсіз әрі бақытты болуына жағдай жасау – Мемлекет басшысы саясатының және «AMANAT» партиясы басымдық беріп отырған бірден-бір жайт екенін атады. Келер жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасының іске қосылатынын, инклюзивті білім берудің жолға қойылғаны, жайлы мектеп жобасының сәтті жүзеге асып жатқанын да атап өтті.
Сонымен бірге Төраға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырғанын, тапсырма аясында «AMANAT» партиясы жұртшылықпен бірге осы заң жобасын дайындағанын айтты.
Иә, партия балаларға зорлық-зомбылық мәселесін үнемі назарда ұстап, жиі көтеріп келеді. Заң шығару бастамасын да көтерген. Міне, заң жобасы әзірленіп отыр. Балаларға психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін партия жанынан «111» сенім телефоны ұйымдастырылған. Фракцияда осы мәселе кеңінен аталып өтті. Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің жетекшісі Динара Зәкиева болса құжатта кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс үшін жазаны қатаңдату нормалары әзірленгенін айтса, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа заң жобасында ұсынылған өзгерістердің өзектілігі мен маңыздылығын жеткізді.
Фракция жиынында айтып өткендей құжатты тезірек қабылдау аса маңызды. Жаңа заң жобасы елімізде балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықпен күресудің мемлекет үшін жаңа тиімді құралы болмақ.
Алтынсары Үмбетәлиев,
«AMANAT» партиясы Түркістан облысы
филиалының төрағасы
Назгүл НАЗАРБЕК