Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады.
«10 жасар бала дәрі ішіп өлмек болды. Сұмдық қой! Баяғы басынан шу кетпейтін Талғар мектебінің бірі. Бесағашта 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болып, 1 пачка аспиринді қылғытты. Жасөспірім артына соңғы хат жазып үлгеріпті. Әжесінің айтуынша, 9 жасар немересіне мектеп дәретханасында қысым көрсетеді, шашын қиқалап, жейдесін жыртады екен.
Ұлының дәріге уланып, ес-түссіз жатқанын көрген анасы жедел жәрдем шақырған. Қазір бұл іске қатысты аудандық полиция тергеу амалдарын бастады. Кеше ғана Президент өз Жолдауында кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты қылмыстық жазаны күшейту керектігін баса айтты. Мектеп басталмай жатып буллинг белең алуда.
Бесіктен белдері шықпай қорлау мен қоқан-лоқы көрсеткіш Бесағаш “батырларын” біле жүрейік! Полиция бұл істің немен тынғанын қоғамға жариялап отыруы тиіс!», – деді журналист.