Жанармай құю бекетінен дизель отынын ұрлаған күдікті ұсталды

Шымкентте жанармай құю бекетінің жұмысшысы дизель отынын ұрлады. Ұрлық камераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түнде жанармай құю бекетінен канистрмен кетіп бара жатқан ер адамды полиция бейнебақылау камераларынан байқап қалған. 

Оқиға орнына ЖБО-ның кезекші инспекторлары Абай АПБ-ның жедел тергеу тобы жіберілді. 

Polisia.kz-тің дерегінше, полиция көлігін көрген ұры дизель отынының канистрлерін шөпке тығып қоюға асыққан. Көлігін ашып, оны жөндеп жатқандай кейіп танытқан. 

Өзінің іс-әрекеті камераға түсіп қалғанын білмеген ер адам ұрлық жасағанын мойындамай, көлігін жөндеп жатқанын айтқан. 

Тәртіп сақшылары жасырылған 60 литр дизель отынын тауып алды. 

Күдіктіні полиция басқармасына жеткізді. 

Күдікті сол жанармай құю бекетінде газ құюшы болып жұмыс істейді. Ер адамда қойманың кілті бар. 

Тергеу аяқталған соң қылмыстық іс сотқа жіберіледі.