Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 миллион теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінген.
Себебі, үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.