KazSat-3 жер серігімен байланысты телеарналардың хабар тарату қызметінде мәселе туындаған.
Оған себеп - жерсерікке қатысты штаттан тыс жағдайдың орын алуы.
«Қазір «Қазтелерадио» АҚ Ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп KazSat-3 қызметін қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте KazSat-2 желісін пайдаланатын мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады. Барлық 567 радио-телевизиялық станция KazSat-2 резервтік жерсерігінен телеарналарды қабылдап, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратады», - деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.