TikTok 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында ЕО-ның құпиялылық туралы бірқатар заңын бұзған, – делінген Ирландияның деректерді қорғау комиссары (DPC) мәлімдемесінде. Бұл туралы Euronews жазады.
TikTok-тың штаб-пәтері Дублинде орналасқан. Сонымен қатар ЕО атынан әрекет ететін ирландиялық деректерді қорғау комиссиясы әлеуметтік медиа алыбын өз қызметін үш ай ішінде ережелерге сәйкес келтіруге міндеттеді.
Айыппұл 2020 жылдың шілдесі мен желтоқсан айлары аралығында жасалған бұзушылықтар туралы екі жылдық тергеуден кейін салынып отыр.
Айта кетсек, бұған дейін TikTok әлеуметтік желісіне 2019 жылы АҚШ шамамен 5 миллион доллар, ал Нидерланд 2021 жылы 750 мың еуро айыппұл салғаны хабарланған. Өткен жылдың сәуір айында Ұлыбритания осындай құқықбұзушылықтар үшін шамамен 15 миллион еуро айыппұл салды.