Павлодарда 15 қыркүйекте сағат 21.30-да 14 жасар қыз биіктіктен құлады. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем стансасына шұғыл келіп түскен мәліметтен белгілі болды.
Максим Горький көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, ауыр жарақаттан мерт болды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша оқиға орнына аттанды. Фельдшерлер діттеген жерге үш минутта жетті", – делінген облыстық жедел жәрдем стансасының хабарламасында.