Желіде жастардың жаппай төбелесінің видеосы тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Видео авторының сөзінше, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушыларынан мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.