Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматының 1982 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды.
"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") және 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.
Еске салайық, 2023 жылғы 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен. Күдікті қылмыстың іздерін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген.