Видео авторының сөзінше, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушылары мен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.