Instagram-да қазақстандықтар басты кейіпкер ретінде дауыстық көмекші Алекса түсірілген видеороликті талқылап жатыр. Ер адам одан 2024 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлау туралы сұрайды, оған жасанды интеллект ешқандай сайлау болмайды, өйткені әлемде супер державалар арасында үлкен соғыс басталады деп жауап береді. Бұған сенуге болмайды, – делінген сайт ақпаратында.
Неге екені былай түсіндіріледі:
«Alexa дауыстық көмекшісі – АҚШ-та танымал девайс, оның жұмысы жасанды интеллектіге негізделген. Адамдар оның көмегімен үйдегі «ақылды» құрылғыларды басқарады, желіде дауыспен іздейді және т.б.. Әдетте, Алекса сұраққа интернеттегі сайттардың бірінде немесе жүйенің дерекқорында табылған сөз тіркестерімен жауап береді. Дегенмен, дауыстық көмекшіде нақты сұрақтарға жеке жауаптар жазуға болатын опция бар. Бұл функцияны қолдана отырып, мысалы, үйде нақты заттардың қайда жатқаны, белгілі бір шараның қай уақытта басталатыны және т.б. туралы нұсқаулар қалдыруға болады. Сондай-ақ, осы опцияның көмегімен әртүрлі тақырыптарда сұрақ-жауап жазылады, мысалы, Алексаны соғыс пен апаттарды «болжауға» үйрету. Мәселен, 2021 жылы видеосы кеңінен тараған қолданушы осылай істеген. Ол Алексаны 2025 жылы Флорида штатында қатты дауыл тұрып, оны жер бетінен жояды деп жауап беруге бағдарламалаған.
Жасанды интеллектінің мұндай жауаптарына сенбеген жөн. Бұл – дүниежүзілік қастандықтың немесе дауыстық көмекшілердің сакралды білімінің дәлелі емес. Бұл пайдаланушылардың өздері ойлап тапқан және алдын ала жазылған жауаптар»