Ескерту: бүгін 6 қалада ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сүйенсек, бірнеше қалада ауа ластанады.

17 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана, Алматы және түнде Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.