Астанада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды.
Елорда прокуратурасының мәліметінше, қыркүйектің басында ведомствоның нұсқауы бойынша полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілген.
"Үлескерлердің 4 млрд теңгеден аса қаражаты тартылған. Алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген. Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған дерекке қатысты жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.
көрнекі фото: Halyq Uni