ІІМ Қазақстан-Ресей шекарасында қақтығыс туындады деген ақпаратқа қатысты түсінік берді

ІІМ-нің хабарлауынша, мұның бәрі жалған.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыстың салдары түсірілген видео тарап жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген.

Ал кадр сыртындағы адамның айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр.

ІІМ-нің хабарлауынша, мұның бәрі жалған.

"Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.