Бұдан былай көлік алу үшін жеңілдетілген несие берілмейді. Жиналған қаражат қоғамдық көлік алуға жұмсалады. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге нүкте қойылды. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, ұстаным өзгермейді. Қоғамдық көлікті жақсарту, көбейту бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Біздің ендігі ұстаным – қоғамдық көліктерге басымдық беру. Себебі, жеке көлік емес, қоғамдық көлікке сұраныс жоғары. Оны пайдаланушылар да көп. Сондықтан біз бірінші орында қала тұрғындарын қоғамдық көліктермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Бұған дейін Қазақстанда бір айда көлік сату рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлаған болатынбыз.