Қарағандыда алдағы бірер күнде бетперде және медициналық халат шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады, – деп жазады 24.kz. Аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты облыс сұранысын толық қамтуға жетеді. Қазір өңірде короновирусқа қарсы шараларды кешенді түрде жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылған. Дәрігерлерге қауіпті індет тіркелген жағдайда қалай әрекет ету қажеттігі үйретілді. Ал дәрі-дәрмек пен медициналық керек-жарақ алу үшін республикалық бюджеттен қосымша 39 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұған қоса, аймақтағы емдеу мекемелері жанынан 400 орындық арнайы госпиталь дайындалды. Оған бірінші кезекте Қытайдан келгендер карантинге жатқызылмақ. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд эпидемиалогиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жанар Беркімбаева: «Қытайдан 81 адам келді. Солардың барлығы 14 күн қадағалаудан өтіп, мониторинг жүргіземіз, сол мониторингтен барлығы шығарылды. 14 күнде, кейін 10 күнде. Олардың жағдайлары жақсы, ешқандай шағым болған жоқ», – деді.