Әйелдер арасындағы төрттік жарыста ел намысын қорғаған Анжела Полянина, Мелани Жакупова, Мария Чернец пен Светлана Германович Азия ойындарының алтын жүлдесі үшін таласады. Қазақстандық арулар іріктеу кезеңінде мәре сызығын төртінші болып кесіп, финалға жолдама алды.
Отандастарымыздың уақыт көрсеткіші – 7 минут 3.37 секунд. Академиялық ескек есуден әйелдер арасындағы төрттік жарыстың финалы 25 қыркүйек күні өтеді.
Фото: olympic.kz