Қамсыз болсақ, нансыз қаламыз...

Ақмолада ала жаздай киік таптаған егістік алқаптарында жағдай одан сайын ушыға түсті. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан масақ басына жас өскін шыға бастаған.

Бұл астықтың өнімділігімен қоса, сапасын да мүлде төмендетіп жіберіпті. Ылғал басқан астығын кептіре алмаған диқан қауымы дабыл қақты. Астық өндіру­­­шілермен қоса бидай қабылдайтын астық қабылдау бекеттері мен элеваторлар, соны­­мен қатар газ тарату компаниялары да энергетика министрлігінен жағдайды жылдам реттеуді сұрап отыр. Сала мамандары дереу әрекет етпесе, елдің нансыз қалу қаупі төніп тұрғанын айтып шырылдауда.

Облыста биыл 5 миллион гек­­­тардан астам алқапқа дән егілген. Ала жаздай қатты ыстық болып қуаңшылыққа ұшыраған, одан киіктермен көп бөлігі тапталып кеткен егістік алқаптары дәл жиын-­­терім басталған сәттен сі­­­­бір­­­леп жауған ақ жауынға ілікті. Ай бойы толассыз жауған жаң­быр­­дан диқан қауымы егін ора­ғына мүлдем шыға алмай, сал­дары­­нан астықты қатты ылғал бас­­қан. Қа­лыпты ыл­­ғалдылықтан тым жо­ғары бол­­ғаны соншалық, шаруалар орылған ас­­тықты тұтас­тай кептіру қажет­тігін айтуда. Алай­да жергі­лікті газ тарату ком­па­­­­ниялары мен элева­торлар газ жетіспеушілігінен астық кепті­­рілмей жиналған астық түгел­­дей күйіп кетуі қаупі төнгенін алға тар­­­тып отыр. Облыс аума­­ғында бүгінде 60-тан астам нан қабылдау бекет­­тері бар. Элева­­­­торлар күні-түні астық қабылдап ылғалды ас­тықты кептіруге кі­ріскен. Об­­лыс­тық ауыл шаруа­­шылығы бас­­­­­­­­­қар­­­­­­­­­­­ма­сы­­­­­­­­ның мәлі­метінше, ай бойы жау­ған жаң­­­­­­­­бы­р­дың салда­­рынан астықтың небары 31 па­­йы­зы ғана орылып, қамбаға шамамен 900 мың тонна шамасында ғана астық түскен. 

– Бір ай бойы жауған жаңбыр­дың салдарынан астықтың ылғал­дылығы аса жоғары болып тұр. Қа­зір небары 31 пайыз ғана астық­ты орып алдық. Газ жетіспеушілігі бар. Элеваторлар жұмыс істеп тұр. Бірақ бидайдың шығымы да, са­пасы да төмен. Әзірге қанша кө­лемде астық шығатынын және қа­лай өнім алатынымызды айта ал­маймын, – дейді Ақмола облы­­сы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас­шысы Кенеш Әлімжанов. 

Газ болмаса, астық күйіп кетуі мүмкін...

Бидайдың сапасы да гектарына айналған өнімнің көлемінің аса төмендігін астық қабылдау бекет­тері де айтып отыр. Элеватор бас­шыларының айтуынша, әзірге түскен астықты уақытында кепті­рудің өзі мұңға айналған. Себеп – жалғыз. Газ жоқ. Элеваторлар жа­қын арада газ жеткізілмесе, мың­­­­­­­­­даған тонна астық ылғалды­­лықтан қызып, күйіп кетуі мүмкін екенін жеткізді.

– Қазір барлық астық қабылдау бекеттерінде газ жетіспеушілігі туындап отыр. Түсіп жатқан би­дайдың бәрі аса ылғалды. Қазірдің өзінде 20 пайызға дейінгі ылғалмен түсіп жатыр. Сондықтан газға қа­жеттілік аса жоғары. Әзірге кептіру қондырғылары еш кедер­гісіз тоқ­таусыз жұмыс істеп тұр. Астық өндірушілер астығын кептіруге әкеліп тапсырып жатыр. Дегенмен таяу арада газ таусылып қалса, астықтың күйіп кету қаупі төнеді. Қазір біздің элеваторда шамамен 9 мың тоннадан астам астық жатыр. Жақын күндері газ болмаса, жағ­дайымыз аса қиын болмақ, – дейді Атбасар қаласындағы «Лана» ас­тық қабылдау бекетінің басшысы Ермек Шәйкенов. 

Өңірдегі газ тапшылығын жер­гілікті ірі газ тарату компа­ниялары да растады. Олар да дәл егін орағы басталған тұста бас­талған жаңбыр­дан газ жетіспеу­шілігі дабыл қа­­­­ғар­­лық жағдайға жеткенін баян етті. Облыстағы ірі газ тарату ком­­па­ния­­сы басшылығы газдың же­тіс­пеу­­шілігіне Энер­гетика ми­­нистр­­лігі уақытында әре­­­­кет ет­­­­пеуі­­­­­­­­­нен әрі әзір­ліктің болмауы­нан осындай жағдай туын­­­дағанын ашына жет­­кізді. Үкімет басшысы Әлихан Смайы­­­­­­лов ауыл шаруашы­лығын бар қажеттіліктермен қам­­тамасыз ету­ге тапсырма бер­ге­­­­­ні­­­мен, жергі­лікті атқарушы орган мен ком­­­па­­­ниялар бірлесіп берген өтінім Энер­­гетика министрлігімен тіпті қарасты­рылмаған да болып шық­­ты. 

– Астық ауа райының сал­да­­­рынан күйіп жатыр. Газ баға­сының төмен болуынан 70 пайыз­дан астам элеваторлар газбен жұмыс істеуге көшкен. Өйткені газдың құны 69-70 теңге болса, солярка құны 260 тең­геге жеткен. Өңірдегі алпыс­тан астам астық қабылдау бекеттері мен элева­торлар бізге күн сайын хабарласып газ сұрайды. Бірақ қазір газ жоқ. Тіпті, авто­­­­­көліктерге арналған газ бекетте­­рінде бірнеше күн газсыз қалды. Энергетика ми­­нистр­лігінен об­­лыс­қа жоспарлы түрде қыркүйек айына 7 мың тонна газ бөлінген. Бірақ толассыз жаң­­­бырдан кейінгі астықтың ылғалды­лығынан қазір облыстың айма­­ғындағы астық қа­­былдау бекеттері мен шаруалар 5 мың тонна­дан астам газ қажет деп жатыр. Облыс­тық энергетика басқармасы 12 қыр­­­­­­­күйек күні қо­сымша 2 300 тон­на газға өтінім беріпті. Бірақ бізбен жиын өткізген Энерге­тика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаментінің бас­шысы Бақыт­жан Таубаев пен Бас­қарма басшысы Қайрат Саты­мов бұл өтінімді тіпті көрмеген де болып шықты. Бізді газбен қамта­масыз ететін Ақтөбе мұнай-газ зауы­­ты жоспарлы жөн­деуден іске жаңа ғана кірісіп әрі толық күшін­де жұмыс істей алмай жатыр. Пав­ло­дар зауыты тиісті мөлшерде жос­пармен ғана газ бе­­­ріп жатыр. Ауа райының қолай­­сыздығына, яғни жаңбыр жауып, ылғалды ауа райына байла­­нысты Үкімет бас­шысы ми­нистрге барлық қа­жет­тілікпен қамтамасыз етуге тап­­сырма берген. Бірақ министр­лік бізді газбен қамтамасыз ете алмай отыр. Қазір қарастыры­­­лып жатыр дейді. Бірақ қазір әр күн емес, әр сағат маңызды тұста газ уақытында жеткізілмесе, нансыз қалуымыз ғажап емес. Қазір бізде 2-3 күнге жететін ғана газ қалды. Түскен газ бірден таусылып кетіп жатыр. Соң­ғы он жылда мұндай жағдай болмаған, – дейді «Көк­шетау Транс Газ» компания­сының дирек­торы Батыр Әшіров. 

Компания директорының ай­туынша, басқа елдерде осындай жағдайда қиындықтан құтқару мақ­сатында газ жинау хабы пайда­­ланылады. Бірақ еліміз бойынша ешқайда газ жинайтын хаб болмай шықты. 

Министрлік жауап бермеген

Өңірдің Энергетика басқар­ма­сы басшылығы халыққа ұсыны­латын газдың жеткілікті көлемде екенін, ал ауыл шаруашылығы мен астық қабылдау бекеттеріне жауап бермейтінін жеткізді. 

– Министрлікке осыдан он күндей бұрын 2 300 тонна көле­мінде өтінім жібердік. Бірақ әзірге өтінімге министрліктен еш жауап келмеді. Қазір халықтың газбен қам­тылуы қалыпты жағдайда. Ауыл шаруашылығы мен элеватор­­ларға газ жетіспеушілігі жайлы еш­нәрсе айта алмаймын, – деді Ақмола об­лыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бас­шысы Данияр Қуанышбаев. 

Энергетика министрлігінен өңір­­дегі газ тапшылығына байла­­­нысты түсініктеме беруін сұрадық. Министрліктің ресми жауабы тө­мен­­дегідей болды. 

– Ақмола облысы үшін жеткізу жоспары аясында қажеттілігі 8 800 тон­на болса, министрлік қыр­­­­­күйекке 7 186 тонна бөлді. Бұл тө­­­мендеу «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Gas Processing Company ЖШС жоспар­лы алдын алу жөндеу жұ­­мыстары­мен байланысты. Соны­­мен қатар министрлік Ақмола облысының қажеттілігі үшін биыл­­ғы қыркүйек­те АМӨЗ ресурс­­тарынан 1 000 тон­на СМГ қосым­­­ша көлем бөледі, – делінген Энер­ге­­тика министрлігі­­нің ресми хабарлама­сында. 

Қысқасы, газ уақытында бө­­­лін­­бесе, елдің басты астықты ай­мақ­тарының бірі – Ақмола облы­­­сында алтын астықтың күйіп кетуі ғажап емес. Үкімет тиісті шешім қабыл­дап, министрлік газбен жаб­­дықтау ісін жылдам реттемесе, мә­селе опық жегізетін аса өткір жағдайға жеткізуі әбден мүмкін. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

© коллаж: Елдар ҚАБА