Қазақстанның барлық өңірінен 45,6 мыңнан астам өтінім қаралды. Бұл – куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 27,1%. Қазір жобаға 740-тан астам медициналық ұйым қосылған. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтінім қаралды. Бұл – куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 22,7%.
Сырттай куәландыру әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды, сыбайлас жемқорлықты азайтады.