Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, 17 қыркүйекте Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте өрт шықты. Мектепті жөндеп жатқандықтан, сол кезде ғимаратта балалар болмаған.
Жөндеу жұмысы аяқталмайынша, балалар басқа оқу орындарында оқитын болады. 18 қыркүйектен бастап №44 орта мектептің оқушылары Тараздағы үш мектепке бөлініп оқиды.
Атап айтқанда, Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-гимназиясы (бастауыш мектеп және 1-4-сыныптар, бала саны – 388, сынып саны – 19).
№31 орта мектеп (5, 6, 7, 8-сыныптар, сынып саны – 18, бала саны – 398).
№23 орта мектеп (9, 10, 11-сыныптар, сынып саны – 11, бала саны – 235).
№31 орта мектепте оқу процесі екі ауысымда, №23 орта мектепте екі ауысымда, Абай мектеп-гимназиясында бір ауысымда жүргізіледі.
Мектептер алыс болғандықтан, оқушыларды автобуспен тасымалдайды.
Айта кетейік, 17 қыркүйекте түнде Тараздағы мектепте өрт шыққанын, зардап шеккендердің халі мүшкіл екенін жазған болатынбыз.