«Ауыл аманаты»: Елена Лункина жылқы басын көбейту үшін 6 миллион теңге қаражат алды

Елімізде ауылды қолдау бағытында қолға алынып отырған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі – «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып отырған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы.

Ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде биыл ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жекелеген азаматтарға жеңілдетілген кредиттер беру шеңберінде Ақмола облысы үшін 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте 265 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 250-ге жуық кредит беру жоспарлануда.

Орташа кредит мөлшері 4,8 млн теңгені құрайды. Тұтастай алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық дерлік бағыттары кредиттеумен қамтылатын болады: ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту, картоп пен көкөніс өсіру, техника мен жабдықтар сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бизнесінің басқа да түрлерімен айналысуға жағдай жасалады.

Бүгінгі күні «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы бойынша 206 өтініш қабылданып, 1 млрд теңгеге 172 өтінім мақұлданды, 122 өтініш бойынша 628,9 млн теңгеге қаражат берілді. 

Маусым айының соңында «KOKSHE» ӘКК» АҚ сенім білдірілген агенттігі үміткерлердің өтінімдерін қабылдауды бастады. Бұл бағдарламаға ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары үміткер бола алады.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайтын 5 жыл мерзімге берілетін несиені алған алғашқылардың бірі – Ақмола облысының Біржан сал ауданына қарасты Жөкей ауылының тұрғыны Елена Лункина. Ол отбасымен бірге мал шаруашылығымен айналысады. Азын аулақ жылқы басын көбейту жоспарында бар. «Жолдасым екеуміз бағдарлама туралы естіп, құжат жинап тапсырдық. Аудандық партия филиалының қызметкерлеріне көп рақмет айтамыз, бізге кеңес беріп әрдайым байланыста болдық. 5 жылға 6 миллион теңге қаражат алдық. Алғашқы екі жыл несие төлемейміз, себебі бизнестен пайда көргенше демалыс беріледі екен. Осы айда ірі қара мал мен жылқы басын көбейтуді жоспарлап отырмыз», – деп өз ойымен бөлісті. Лункиндер отбасы мал жайылатын жер тапшы болғандықтан, әкімдіктің конкурсына қатысып, жуырда жайылым жерін де кеңейтіп алған.

Ойға алған шаруа оңынан болса, кәсіпкер өздерінің әл-ауқатын арттырумен бірге елдің ақ дастарқанын адал аспен толтырамыз деген жоспарын да жасырмады. 

«AMANAT» партиясының
 Ақмола облыстық филиалы

Фото Павел Михеев