Алматы ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

ТЖД жеке тұрғын үйлердің иелеріне жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді нөсер су ағынын бұруға дайындау шараларды қабылдауға кеңес береді.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жұма, 22 қыркүйекте қалада қатты жаңбыр жауатын ескертті, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

"Қазгидрометтің" Алматыда қатты жауын-шашын туралы дауылдық ескертуіне байланысты ТЖД төменде көрсетілген қауіпсіз ережелеріне назар аударуды сұрайды", - делінген хабарламада.

Ведомство қолайсыз ауа райы кезінде автомобильдің жылдамдығын төмендетуді, авариялық шамдарды қосуды немесе қатты жаңбырдың басылғанын күтуді, мүмкіндігінше пәтерде немесе жұмыста қалуды ұсынады.

 ТЖД жеке тұрғын үйлердің иелеріне жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді нөсер су ағынын бұруға дайындау шараларды қабылдауға кеңес береді.

Егер жаңбыр жауған кезде сіз сыртта болсаңыз: электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз;

әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз - олардың опырылып түсуі  адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін;

су тасқыны деңгейінен жоғары ғимараттарды паналауға тырысыңыз;

жаяу жүргіншілер де абай болу керек, жаңбыр кезінде көрінбейтініңізді ұмытпаңыз.