«Қазгидромет»: нөсер жаңбыр жауады

Синоптиктер 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронт әсерінен күн райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша түнде және таңертең екпінді жел соғады, тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан, түнде батыстан 2-7 жел соғады, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.

Алматыда күн бұлтты, арасында нөсер жаңбар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.