Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсті (видео)

Аю саны жылдан жылға көбейіп келе жатқаны байқалады. Бұл туралы Aikyn.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми-зерттеу жүргізу мақсатында құрылған фототұзаққа 6 сәуір пен 6 қыркүйек аралығында 5 үлкен Тянь-Шань қоңыр аюы мен 3 қонжық түскен.

Аю Қызыл кітапқа енген. Соңғы жылдары Ұлттық парк аумағында аю жиі кездеседі. 

Жоңғар Алатауында Тянь-Шань қоңыр аюларының саны жыл сайын артқаны байқалады.