Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Танымал әртіске Қылмыстық кодекстің 378-бабы бойынша "Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлады" деген айып тағылды. Ал Төреғалиды ұстамақ болған 6 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылды.
"Сотталушы Әлиханов (Төреғали Төреәлі – еск.) Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, оған 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, одан жәбірленушілер пайдасына 17 мың теңге және сот шығындарына 19 мың теңге өндірілсін", – деді судья.