Астанада «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Бас бәйгені алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті.

Бүгін ASTANA MEDIA WEEK – 2023 аясында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, белді журналистер, медиа сарапшылар, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты. 

Бас бәйгені алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэксперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Салтанатты шараны ашқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үміткерлерді құттықтап:

"Үш күн бойы «Astana Media Week» шарасы аясында медиа саланың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Шетелдік және отандық үздік сарапшылар қатысқан келелі кездесулер өтті.  

Осы ауқымды да қарқынды іс-шараның қорытындысы ретінде бүгін «Urker» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттағалы отырмыз.

Әр жыл сайынғы «Urker» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға 3 жаңа номинация қосылып отыр. Олар – «Үздік подкаст», «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік YouTube арнасы» аталымдары.

Біз әрқашан да жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра беретін боламыз", – деп атап өтті.

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:

Лэйла Тастанова

 Жылдың үздік репортажы:

Рабиға Дүсенғұлова

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал: 

Амангүл Тілейқызы

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):

Анна Величко

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Меруерт Сарсенова

 Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика):

«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Orda FM» – «Zhas STAR» бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті:

Валерий Бугаев

 Үздік өңірлік БАҚ:

«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

 Үздік подкаст:

«OY-DETOX» – Әйнел Әмірхан.

Үздік YouTube каналы:

Абай Сейфоллаұлы – «Abay Live»