Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоу (Қытай) WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 27-інші, жарыстың 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен бетпе-бет келді.
М.Линетт 6:2, 6:3 есебімен Ю.Путинцеваның жолын кесті. Магда 1 сағат 16 минутқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қазақстандық теннисші 3 брейк-пойнтты мүлт жіберді.
М.Линетт финалда дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған қытайлық Сиюй Ван немесе әлемнің 68-ракеткасы Гретье Минненнің бірімен (жеңгенімен) кездеседі.